Model UN-New Silk Road (UN Security Council): Discussion of the development in Afghanistan “The Implications of the Doha meeting on building peace in Afghanistan”

БҰҰ үлгісі – Жаңа Жібек Жолы:                                                  

Ауғанстанды дамыту жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәселесі бойынша пікірталас                                                                            

«Ауғанстандағы бейбітшілік орнату жолындағы Доха кездесуінің салдары»

ҚазҰУ: 11 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетінде «Ауғанстандағы бейбітшілік орнату жолындағы Доха кездесуінің салдары» тақырыбында БҰҰ үлгісі – Жаңа Жібек жолы конференциялар тұсында дөңгелек үстел өткізілді.

Талқылауды ұйымдастырушылар Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму Институты, БҰҰ-ның Жаңа Жібек Жолы бағдарламасы, журналистика факультеті және ҚазҰУ ауған студенттері болып табылады.

Айта кетсек, бұл конференция білім беру үдерісіне қатысатын әртүрлі ЖОО өкілдерін жинады. Қатысушылар бейбіт Ауғанстан үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жұмысының әр түрлі бағыттарын ұсынды.

Ауғанстандағы проблемаларды бейбіт жолмен реттеу үшін ең маңызды бастамалардың бірі – Ауғанстандағы бейбітшілік орнату үшін болған Доха кездесуіндегі келіссөздер болып табылады. Ауғанстан Үкіметі өз серіктестерімен ынтымақтастықта келіссөздер жүргізу үшін келіспеушіліктерді саяси реттестіруді қалайды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа жобаларды әзірлеуге және іске асыруға байланысты Ауғанстандағы бейбітшілікті реттеу процесінің қатысушылары арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың кешенді жүйесін құру туралы әңгімелеп қана қоймай, елдің болашақ дамуындағы жастардың орны туралы әңгімеледі. Әр түрлі салалардағы жобаларды қалыптастыру барысында Ауғанстандағы бейбітшілік бастамаларының табысты болғандығын біле отырып, қатысушылар Ұлы Жібек жолында бейбітшілік орнату үшін  жүргізіліп отырған Қазақстанның бастамалары туралы естіді.

Конференция барысында ҚазҰУ, БҰҰ үлгісі, Қазақстан-Ауған Бірлестігі даму және серіктестік «AFGQAZ», Ауған Ақпараттық Агенттігі, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері болды. Сондай-ақ, Алматыдағы әртүрлі жоғары оқу орындарының ауған студенттері және журналистика факультетінің студенттері өз сұрақтарын қойды.

Қазақстан-Ауған Бірлестігі даму және серіктестік «AFGQAZ» төрағасының орынбасары Жүніс Қалымжанұлы Ауғанстан болашағы бейбіт болуы мүмкін екеніне сенімді екендігін мәлімдеді. Ауған Ақпараттық Агенттігі президенті Мухаммад Нури осы форматты дөңгелек үстел өткізілгені үшін алғысын білдірді. Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы ресми өкілі Салтанат Сабитова Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыстарының маңыздылығы туралы айтып берді. Тұрақты даму институтының директоры Рафис Абазов Қазақстанда Ауғанстаннан жас мамандарды даярлауды кеңейту қажеттігіне тоқталды.

Күн тәртібінде мына мәселелер талқыланды: жастар және тұрақты даму; білім беру; әйелдер үшін білім; БАҚ және жастар, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде атқарып жатқан жұмысы. Осылайша, іс-шара жинақталған тәжірибені іске асырудың тамаша мүмкіндігі, Қазақстанда оқытудың ең тиімді нысандарын пайдалану үшін үлкен мүмкіндік болды.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *