Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Erasmus Plus жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы

2019 жылғы 15 наурыз: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Мұхамбетқұл Мырзабайұлы Бүркітбаевтың төрағалығымен Erasmus Plus жобасының ұйымдастыру жұмысы талқыланған жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Отырысқа жұмыс тобының мүшелері – Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры – Рафис Абазов, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының директоры – Шайкенов Барлык Амангалеұлы, сондай-ақ жұмыс істейтін қызметкерлер Құралай Нұрғалиева, Өміржанов Есбол Тоқтарбаевич қатысты.

Кездесудің төрағасы М. М. Бүркітбаев Erasmus Plus күн тәртібі –  инженерлік кадрларды қайта даярлау үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жоспарланған тапсырмалардың сапалы орындалуы үшін зияткерлік, сараптамалық және ұйымдастырушылық ресурстарды біріктіру қажет екендігі атап өтілді. Кездесуде мынандай сурақтар талқыланды: Қазақстан Республикасы ректорларының Тамбовқа сапарын дайындау мәселелері; тарату және веб-бет (Porto Университеті тәжірибесінен оқыту); топ құрамы бойынша жаңа бұйрықты тіркеу; жұмыс тобының құрамына есепші қосу; оқу бағдарламаларын талқылау; мониторингке дайындық.

Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар жобаны іске асыру жоспарын әзірлеуді ұсынды. Басқаша айтқанда, бұл шешім бірқатар мүдделі тараптармен (мүдделі тұлғалармен) жұмыс істеу, жобаны талқылау мен мұғалімдер мен оқушыларды тартуға, сондай-ақ аналитикалық жұмыстарды жүргізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қарастырады.