Afghan Youth Day at the Ban Ki-moon Institute for Sustainable Development
2019 жыл 18 қазанда Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (2011 ж.), Журналистика факультетінің (2015 ж.) түлегі Саид Самим Фарамарзға арналған «Ауғанстандағы журналистика» атты Қазақстандағы ауған жастары күні өтті.
Саид Самим Фарамарз – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2011-2015 оқу жылының студенті. БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» модельдік бағдарламасының белсендісі, талантты журналист және TOLOnews (TBC) корреспонденті 2018 жылдың 5 қыркүйегінде Кабулда өзінің қызметтесі Разим Ахмадимен бірге жарылыс кезінде қаза болды. Ауған жастары күнін Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросы, Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі, Ауғанстан Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды. “Ауғанстандағы журналистика” фотокөрмесімен танысқан қонақтар ерекше ықыластарын білдірді. PhD докторант Н. Рушанова сценарийімен түсірілген “Саид Самим” фильмі көрсетілді.
Қызмет бабында қайтыс болған журналистер туралы ЮНЕСКО зерттеулерімен таныстырған С. Карпов Самим Саидтің оқиғасы бойынша ЮНЕСКО обсерватриясы туралы баяндама жасады. ҚР АИР Бас консулы м.а. Осман Шерьярз мырза сөзінде журналистердің қауіпсіздігі жайлы елшіліктің миссиясын атап өтті. ҚР АИР Сауда істері төреағасы Ахмед Зия Бераш университеті дайындаған фильмді таныстырды.
Еске алу шарасы аясында университет басшылығы, ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросы, ЮНЕСКО Алматыдағы кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Ауғанстанның дипломатиялық миссиясы, өкілдері және Алматыда оқып жүрген ауған жастары сөз сөйледі. AFG-QAZ Қазақстан – Ауған даму және серіктестік бірлестігі төрағасы Бітімов Өміртай Саид Самим атындағы “Журналистикадағы батылдығы үшін” сыйлығын тағайындау туралы ұсыныс айтты. Журналистика факультеті ережесін дайындау мен жүзеге асыруда басты үйлестіруші ұйым. Сондай- ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де Ауғанстан журналистикасы орталығын ашу туралы ұсынысты ҚР ИАР Бас елшілігі қолдайды.
Бұл күн жастарды өз елінің игілігі үшін журналистикаға баулуға, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етпек