INNOVATIVE SOLUTIONS TO GLOBAL HEALTH

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Колумбия университеті жанындағы Жер Институтының тұрақты даму орталығының директоры, профессор Янис Бен Амор келді. MDP Global Class бағдарламасы аясында өткен сапар барысында профессор университет басшылығымен кездесіп, «денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысына қатысып, университеттің кампусынаралп шықты.

Іс-шараны Глобалдық Хаб UNAI, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун Тұрақты Даму институты (ТДИ) мен Колумбия университеті жанындағы жер Институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Профессор Янис Бен Аморды қарсы ала отырып, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мухаметқали Бүркітбаев БҰҰ тұрақты даму орталығының күн тәртібіндегі мәселелерді жүзеге асырып отырған жас мамандардың жұмысын ерекше атап өтті.

Кездесуден кейін өткен «Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге MDP Global Class студенттері, медицина және денсаулық сақтау факультетінің магистранттары мен докторанттары, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Мен MDP Global Classroom бағдарламасы аясында екі жыл бойы тұрақты даму және денсаулықты сақтау туралы дәрістер беріп келемін, әл-Фараби студенттері де осы онлайн-курста белсенді қатысып келеді», – деді доктор Янис Бен Амор өзінің баяндамасында. – Бүгін мен студенттермен бейресми жағдайда сөйлесіп, олардың тұрақтф даму мақсаттары бойынша жобаларды жүзеге асыруда өз үлестерін қосатынын білгеніме ​​қуаныштымын. MDP Global Classroom бағдарламасының арқасында біз көп нәрсеге қол жеткіземіз деп үміттенемін, өйткені бұл кең ауқымды ынтымақтастыққа медеу болатын студенттер алаңы. »

Жер институты жанындағы Тұрақты даму орталығының директоры, профессор Янис Бен Амор дәріс оқып, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, жас ғалымдардың сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстел отырысына Колумбия университеті жанындағы Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының директоры, доктор Әсел Терлікбаева және ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы профессор Жанна Калматаева қатысты.

Іс-шара соңында тараптар пікір алмасып, тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша, соның ішінде Пан Ги Мун Тұрақты дамы институтының «Жібек жолындағы Ақылды қалалар» ғылыми-инновационалық жобасы аясында Жер институтындағы Қаланы тұрақты дамыту орталығымен ынтымақтастықты күшейту жөнінде уағдаласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *