INTERNATIONAL METHODOLOGICAL CONFERENCE

ҚазҰУ-да «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтуде.

ҚазҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің бастамасымен өтіп жатқан конференциянының форматы да ерекше. Ол әр факультетте дербес өтеді, және нақты еңбек нарығы мен білім беру үрдісінің өзара іс-қимылын жетілдіру бағытында терең жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

ҚазҰУ түлектерінің құзыреттілік моделін әзірлеу негізінде сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын құру бойынша жұмыс қандай деңгейде? Оның оң дамуының одан арғы барысын не анықтайды? Қазіргі уақытта білім беру, өндіріс және бизнестің өзара іс-қимыл процесі қандай проблемаларға тап болады? Еңбек нарығында қазіргі заманғы түлектер қандай ерекше атрибуттарға ие болуы тиіс? Қазіргі білім беру үрдісінің осы және басқа да өзекті мәселелері осы жиында кеңінен талқыға түсетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *