THE «FARABI WORLD» CONFERENCE
Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын және «Үздік Жас Ғалым» байқауын өткізді.
COVID-19 коронавирустық инфекциясын таратпауға бағытталған іс-шараларға байланысты, әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, дистанциондық (қашықтықтан) форматтағы қызметін жүзеге асыруда.
Сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылатын жыл сайынғы дәстүрлі «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы биылғы жылы онлаин форматында өткізілді. Жоғары деңгейде өткен конференцияның секциялық отырыс жұмыстарына республиканың, жақын және алыс шетелдердің университеттері мен институттарының, ғылыми орталықтарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары белсенді қатысты.
Жалпылама алғанда 3094 аса баяндама тыңдалды, оның 383 қатысушысы Қазақстанның басқа ЖОО-нан болса, 117-сі жақын және алыс шет елдерден.
Конференция аясында 122 секция факультеттерде жұмыс істеп, 70 -ке жуық дөңгелек үстел мен ғылыми семинарлар және т.б. іс-шаралар өткізілді.
Конференция қорытындысы бойынша 48 студент университет ректоры Ғалым Мұтановтың дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, ғылыми конференция аясында дәстүрлі «ҚазҰУ-дің Үздік жас ғалымы» атты байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жас ғалымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету, ғылыми-инновациялық қызметін белсенді жүргізуге ықпал ету, олардың ғылыми жетістіктерін көпшілікке тарату, ҒЗЖ нәтижелерін оқу және өндірістік процестерге енгізу.
Байқау жеңімпаздарын анықтаудың негізгі өлшемдері (белгілері) жарияланымдық белсенділік көрсеткіштері, оның ішінде халықаралық рейтингтік басылымдарда, құқық қорғау құжаттарының (патенттер, авторлық куәліктер) болуы, ғылыми жобаға қатысу немесе басшылық ету және т. б. болып табылады.
Байқаудың комиссия мүшелерінің шешімі бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен ҚазҰУ-дің 16 жас ғалымы анықталды. Байқау жеңімпаздары университет ректоры Ғалым Мұтановтың дипломдарымен және 60 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылармен марапатталды.