JOINT MUN CONFERENCE ON THE INTERNATIONAL YOUTH DAY
Қазақстандағы халықаралық БҰҰ-ның моделі «Жаңа Жібек Жолы» және Ауғанстандағы Памир халықаралық БҰҰ моделі 2020 жылғы 12 тамызда бірлесіп халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды.
Атап айтқанда, бұл онлайн-конференция Халықаралық жастар күніне арналды.
Онлайн конференцияға Қырғызстан, Өзбекстан, Италия, Таиланд, Индонезия, Ресей Федерациясы, Беларуссия, Қазақстан және Ауғанстан мемлекеттерінен сексеннен астам жастар делегаттар ретінде қатысты. Іс-шара жас ұрпақтың басын қосып COVID-19 пандемиясының зардаптары мен проблемаларын, пандемия кезіндегі атысты тоқтатудың салдарын талқылауға арналған. Бұл конференция екі үлкен сессиядан тұрады және Zoom платформасында онлайн өткізілді.
Іс-шара БҰҰ-ның академиялық ықпал ету бастамасына (UNAI) орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық Орталығының (UNIC) қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның қадірлі қонағы БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Властимил Самек мырза болды. Ол жас көшбасшыларды Халықаралық жастар күнімен құттықтай отырып, қатысушыларға жемісті пікірталас тіледі.
Сонымен қатар, аталған халықаралық конференцияға Ауғанстан Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Ахмад Джавид Казизаде мырза құттықтау сөзімен қатысты. Ол COVID-19 пандемиясымен және оның Ауғанстан халқына тигізетін зардаптарымен байланысты қазіргі жағдайға тоқталып өтті. Жас, болашақ саясаткерлерге тиімді пікірталастар мен шешімдер тілей отырып, ол осындай тамаша алаң үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстандағы БҰҰДБ-дан келген қонақ, Асхат Жұмабаев және Қазақстандағы Ауғаныстан Елшілігінен Хамза Мұхаммед Ихтиар мырзалар қатысты.
Конференция соңында қатысушыларға БҰҰ Модельдік пікірсайыс хаттамасына сәйкес сертификаттар табысталды.