Al-Farabi Kazakh National University held a scientific and practical seminar for Japanese students on the topic: “Kazakhstan on the Great Silk Road”.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде 13 наурызда Жапон студенттеріне арналған «Қазақстан Ұлы Жібек жолында» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Ғылыми-практикалық семинар университеттің стратегиялық дамуын, сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуды Токио университетімен 2018 жылдың 1 шілдесіндегі келісімге сәйкес жүзеге асырылды.
Шараның ұйымдастырушылары Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыстану кафедрасы, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты болды, MDP global classroom және Model UN New Silk Way бағдарламалары болды. Бұл ғылыми семинар Азиядағы ең беделді университеттердің бірі болып саналатын және рейтингтегі үздік 50ге кіретін Токио университетінің оқытушылары мен магистранттары үшін ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жапонияның оқытушылары мен магистранттары халықаралық аренадағы Қазақстанның көпвекторлы саясатының ерекшеліктерімен және еліміздің жаңа Жібек жолын дамытуға қосқан үлестерімен танысты. Бұл курс қысқы мектеп және «Аймақтық зерттеулер: Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» бағдарламасы аясында жүргізіледі, сонымен қатар Қазақстандағы далалық зерттеулерді қамтамасыз етеді. Семинарда Орталық Азиядағы және Ұлы Жібек жолындағы ынтымақтастықты дамытудың қазақстандық көзқарастарының бүкіл палитрасын ұсынуға болады.
Дәріс алдында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев Мұхамбетқұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Наносерік» бас жобасына тоқтала келе, Токио университеті сияқты беделді университетімен ұзақ және жемісті қарым-қатынаста екендігін айтты. Осындай лекцияларды өткізу үлкен маңызға ие және Жапонияның жоғары оқу орындарымен ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.
Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры, профессор Рафис Абазов, «The Customs and Cultures of the Central Asian Repuvlics» және «Palgrave Concise Atlas of central Asia» американдық университеттеріне арналған кітаптар мен оқулықтардың авторы қысқы мектеп оқушыларына дәріс оқыды.
Күн тәртібі мынадай тақырыптарды қамтыды: Жібек жолындағы Қазақстан, жастар және тұрақты даму; білім беру; Қазақстан мен Жапониядағы білім беру. Дәріс барысында қонақтар Қазақстан үкіметінің құрылымы мен қызметімен және оның Ұлы Жібек жолындағы саясатымен танысты.
Токио университетінің студенттері, Қазақ ұлттық университетінің студенттері және Токио университетінің оқытушылары – доцент ОКАДА Теrue және доцент Matsuda Yasuyuki дәріс тыңдаушылары болды.
Семинар барысында Токио университетінің студенттері Қазақстан мен Ұлы Жібек Жолы туралы және Қазақстан Республикасындағы Жапония студенттері арасында үлкен қызығушылықтар туралы және Қазақстан жайлы өздерінің ғылыми мақалалары туралы әңгімеледі.
Дәрістен кейін, жапон студенттері Қазақстанға деген қызығушылығын көрсете білді, сондай-ақ ҚазҰУ мен Токио университетінің арасындағы академиялық және білім алмасуды дамыту мәселелерін талқылады және сұрақтар мен жауаптар алмасты.
Іс-шараның соңында шақырылған қонақтармен естелік суреттер жасалды.