BKMISD.kaznu.kz hosts a working-level meeting

2019 жылдың 16 қыркүйегінде  QS халықаралық конференциясы аясында әл-Фараби ҚазҰУнің Пан Ги Мун атындағы  тұрақты даму институты (BKMISD.kaznu.kz) және Йенсей университеті жанындағы Жаһандық өзара байланыс және құқықтар мен мүмкіндіктерді дамыту институты (IGEE) арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің бірінші проректоры және Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының қазіргі директоры профессор М. М. Бүркітбаевтің құттықтау сөзімен басталды, сонымен қатар ол институттың білім, ғылым және серіктестік салаларындағы жетістіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Йенсей университетіндегі IGEE тобының жетекшісі профессор Сонг Донг Ву мен Әлеуметтік Интеграция және Пан Ги Мун тұрақты даму орталығының үйлестірушісі Чанг Хонг Ли мырза институттың қазіргі таңдағы қызметімен бөлісті.

Талқылау барысында IGEE нің өкілетті қызметкерлері BKMISD.kaznu.kz тобын жыл сайынғы өтетін халықаралық GEEF Сеул-2020 форумының прленарлық сессиясына қатысуға шақырды.

BKMISD.kaznu.kz тобының үйлестірушісі Исаева Ж.С. институт туралы мақалалар жинағының екінші кітабын шығару жайлы ұсыныс жасады және серіктес әріптестер мен IGEE-нің профессорлар құрамын осы жобаға бойынша бірге жұмыс жасауға шақырды.

Кездесу барысында серіктестік бағдарламалар мен ғылыми жариялымдарды одан әрі іске асыру мәселелері мен ТДМ аясында екінші кітаптың жәриялымы талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *