Ban Ki-moon Institute for Sustainable Development attends Strategic Prioritization Retreat

 2019 жылғы 15-16 қазанда БҰҰ-ның академиялық әсер ету бастамасының ғаламдық орталығы болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Нұр-Сұлтан қаласындағы стратегиялық басымдықтар бойынша кеңес отырына қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстандағы тұрақты дамудың 17 мақсатының нақты жоспарын жасау. Бұл кездесуге БҰҰ-ның Қазақстанда жұмыс істейтін 19 агенттігінің, сондай-ақ үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура конференцияны тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы ынтымақтастық қағидалары туралы құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, оған Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «Ширак» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясының, Назарбаев Университетінің президенті және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі қатысты.

Ауқымды конференция төмендегі мәселелерге арналған пленарлық отырыстарды қамтыды:

  • Ынтымақтастық бағдарламасы: 2030 күн тәртібіне қол жеткізудің негізгі құралы;
  • Қазақстандағы даму мазмұны;
  • Ынтымақтастық бағдарламасының әлеуетті стратегиялық басымдықтарын анықтау;
  • Ынтымақтастық бағдарламасының негізгі нәтижелерін анықтау: ынтымақтастық бағдарламасын аяқтаудың келесі қадамдары;

Қатысушылар нақты нәтижелерге бағытталған және ынтымақтастық арқылы қол жеткізілетін әртүрлі мәселелерді көтерді. Аталған іс-шара жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *