GLOBAL HEALTH: SCIENCE RING ON EUTHANASIA

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің, саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының 1-2 курс магистранттары әл-Фараби «Science Ring» зияткерлік ойынында тамаша эрудиция мен үлкен ғылыми әлеуетті көрсетті.

Қазіргі әлемде эвтаназиы тақырыбы қоғамда жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Оны толыққанды талқылау үшін медицина, заң, философия психологиясы, дін пәндері және тағы да басқа сала мамандарын қатыстыру қажет. Осыған орай, ҚазҰУ магистранттары талқыланатын сұрақтан тыс қалмай, оған ізгілікті жауап іздеді.

Медицинадағы қазіргі жастардың ой өрісі зор екендігі белгілі. Түрлі интеллектуалды ойындар мен жарыстарда қатысатын олар үнемі көпшілікті білім деңгейлерімен таңқалдырып отырады. Мәселен, осы жолы өткен «Science Ring» интеллектуалдық ойынында медицина және денсаулық сақтау факультетінің, «Медицина» ғылыми-педагогикалық магистратураның саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының 1-2 курс магистранттары ғылыми әлеуметімен көзге түсті. Жарысқа «зерттеушілер» (2-курс) және «Өмір формуласы» (1-курс) атты екі команда қатысты.

Іс-шараның басында ұйымдастырушылар командаларды ойын ережелерімен таныстырды. Жауапқа бір минут уақыт кесілді. Сауалға дұрыс жауап бере алмаған команданың уақыты екінші жаққа беріліп қана қоймай, оларға қосымша 20 секунд берілді.

Ақыры «Медицина» ҒӨК 1 курс магистранттарының «Өмір формуласы» командасы жеңімпаз атанды.

Қазылар алқасының төрағасы профессор Г. Ж Капанованың айтуынша, интеллектуалдық шайқас барысында қатысушылар тек медицина саласында ғана емес, сонымен қатар, заң, экономикалық, діни, әлеуметтік сипаттағы эвтаназияға «қарсы» және «жақтас» деген дәлелдерді эмоционалды түрде дәлелдеп бере алды. Жастар арасындаы өткен жарыс барысында олардың полемика тақырыбына шынайы қызығушылығы байқалып, емделмейтін науқастарға жанашырлық сезімдері сезілді.

Жеңімпаздарға сыйлықтар мен сыйлықтар берілді, ал жанкүйерлерге командаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірілді. Жалпы, жастардың білім мен ғылымға деген құштарлыққа серпін беретін Science Ring ойыны осы жолы жастардың ғылыми қызығушылығын жандандырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *