«MODEL UNITED NATIONS» IN ONLINE FORMAT

БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын төртінші мерзім қатарынан басқаратын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2020 жылы 7-8 мамыр аралығында алғаш рет онлайн форматта «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» атты Орталықазиялық халықаралық конференция өтедіШара БҰҰ Ақпараттық бюросы және Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің қолдауымен өткізіледі.  

«БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» – түрлі елдердің дипломаттары рөлінде БҰҰ жұмысын бейнелейтін студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған ауқымды халықаралық жоба. Конференция барысында қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өзекті ғаламдық мәселелерді, оның ішінде адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын жүзеге асыруды және оларды шешу жолдарын талқылайды.

Бағдарлама білім алушылардың назарын қазіргі заманның жаһандық мәселелеріне аударуға, біртұтас ғалам бейнесін қалыптастыруға, зерттеу жұмысының дағдыларын дамытуға, мәдениетаралық коммуникация мен диалогты құру арқылы қақтығыстарды еңсере білуге ​​бағытталған.

Онлайн іс-шараға халықаралық сарапшылар, БҰҰ және дипломатиялық топтардың өкілдері, әлемнің әр елінің жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысады.

Конференция келесі комитеттер және тілдер бойынша өтеді:

  • БАС АССАМБЛЕЯ: «БҰҰ-ның 75 жылдығы – бейбітшілікті қолдау мен бітімгершілік (ағылшын тілінде);
  • БАС АССАМБЛЕЯ: «БҰҰ-ның 75 жылдығы – бейбітшілікті қолдау мен бітімгершілік (қазақ тілінде);
  • ДДҰ: «COVID-19 пандемиясы және инфодемия» (ағылшын тілінде);
  • ЮНЕСКО: «Жастар және пандемия кезіндегі білімге қол жетімділік» (орыс тілінде);
  • ЭКОСОС: «COVID-19 пандемиясының Тұрақты даму мақсаттарына әлеуметтік-экономикалық әсері» (ағылшын тілінде).

Онлайн-конференция Discord алаңында өткізіледі, шараға қатысу үшін http://munnsw.kz сайтында немесе келесі сілтеме бойынша: https://forms.gle/HqxVF2a8fcaKrHn46 2020 жылдың 3 мамырына дейін тіркелу қажет.

Байланыс үшін: Кондратьева Александра (байланыс менеджері), м.тел.: +77072182297, e-mail – newsilkwaymun@gmail.com, Альманова Бибіназ (шара кураторы), м.тел: +77086893448, e-mail – almanova.biibinaz@kaznu.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *