SUN

Жібек жолы университеттері желісі – «Жібек жолы рухын» қалпына келтіру және Жібек жолының құрлық пен теңіз бағыттарында орналасқан университеттерді біріктіру әрі болашақ көшбасшыларды даярлау арқылы бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен өркениеттің шығармашылық дамуына үлес қосу мақсатында құрылған ұйым. «Жібек жолы рухы» – шығыс пен батыс арасындағы көпірдің символы.

Жібек жолы университеттері желісіне әлемнің 28 елінен 81 жоғары оқу орны мен институты кіреді. 2015 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – осы ұйымның негізін қалаушы және SUN Директорлар кеңесінің мүшесі.