Жастар ұйымдары

“Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымы” қоғамдық бірлестігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

“Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымы “қоғамдық бірлестігі” Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша факультеттерде 14 өкілдігі бар, “”Сұңқар” студенттер мен магистранттардың кәсіподақ ұйымы” қоғамдық бірлестігінің жалпы саны 510-нан астам адамды құрайды.

Негізгі тақырыптар:

– кәсіподақ активін оқытуды, оның ішінде медиация мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

– еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілер мен жұмыс орындарын аттестаттауға қатысу;

-кәсіподақ мүшелеріне медициналық және зейнетақымен қамсыздандыруды, санаторий-курорттық емдеу мен демалысты ұйымдастыруға көмек көрсету;

– шарттар жасасу, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен, басқа да заңды тұлғалармен мәмілелер жасау, жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

– заңда белгіленген тәртіппен жиналыстар, митингілер ұйымдастыру және өткізу;

– баспа қызметімен айналысу, өз қызметін баспасөз органдары арқылы жариялау;

– кәсіподақ мүшелері беретін басқа да функцияларды жүзеге асыру.

«Алтын Сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубы – рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, саяси сауатты, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін қазақ тілді жастардың жаңа буынының қалыптасуына ықпал ету мақсатында елімізде алғаш құрылған қазақ тіліндегі пікірсайыс клубы.

Қазіргі таңда клуб пікірсайыс форматтарын үйрету, клуб мүшелерінің тұлғалық қасиеттерін дамыту бағыттарында жұмыс жасап, қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатысуда.

Enactus – әлемнің 35 елінде көшбасшылық пен кәсіпкерлікті үйрететін тәжірибеге бағытталған ең ірі платформа. Біз жастарды әлемдегі ең үлкен мәселелерді шешу үшін инновациялар мен кәсіпкерлікті пайдалануға үйретеміз, шабыттандырамыз және қолдаймыз. Басқалар үшін кәсіпкерлік әрекетке баратын студенттерге инвестиция салу бәріміз үшін, әлем үшін жасалған жақсылық деп сенеміз.

ENACTUS көмегімен сіз:

– Табысты мансап құру үшін қажетті тәжірибе, дағдылар және байланыстар алу арқылы қоғамдастыққа елеулі үлес қосыңыз

– 72 000-нан астам басқа студенттердің дүниежүзілік желісіне қосылыңыз, олардың әрқайсысы біздің ортақ миссиямызға жақсы әлем құруға үлес қосады.

– Халықаралық, республикалық байқауларға, форумдарға, бизнес-интенстерге қатысу

– Елдегі ең жақсы жұмыс тізімінің алдында болыңыз: шақырулар

тағылымдамалар, бос орындар және мансаптық іс-шаралар

– Өзгелердің өмірін өзгертетін тәжірибе, мүмкін сіздің де.

«Студенттер Сенаты» – төрағалық басқару нысанындағы біртұтас ұйым.

Студенттер Сенатының бірден-бір бастауы – студенттер. «Студенттер Сенаты» өз қызметін ҚазҰУ студенттерінің Ар-намыс кодексін және ҚазҰУ студенті туралы Ережесін басшылыққа алады.

– Студенттер қызығушылығын университет басшылығына ұсыну;

– Халықаралық, мемлекеттік және университетаралық деңгейде университет имиджін жоғарылату;

– Қоғамдық өмірдің бастапқы функционалды бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу;

– Студенттерде басқару қызметінің біліктілерін дамыту және ішкі потенциалдың жүзеге асырылуына көмек көрсету;

– Студенттердің белсенді өмірлік және азаматтық позициясын жоғарылату салауатты өмір салтын насихаттау;

– Университет және факультет деңгейінде студенттердің өзін-өзі басқару механизмдерін жоғарылату бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет –студенттер арасындағы адалдықты, жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту, Қазақстан Республикасының заңдары алдындағы жауапкершіліктің сөзсіздігін түсіну.

«Саналы ұрпақ» студенттік клубы – сыбайлас  жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыратын, ЖОО –ның ішкі істерімен айналысатын орта. ЖОО басшылығының имиджін, сондай-ақ ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын ықтимал арандатулар мен өзге де әрекеттерден қорғай отырып, ЖОО басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты:

– Сыбайлас жемқорлықтан азат орта қалыптастыру.

– Сыбайлас жемқорлыққа байланысты білім беру арқылы жастарды тәрбиелеу.

– Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.

Еріктілер лигасы бұл-өз еркімен ақысыз қызмет көрсетіп, қоғамдық жұмысқа белсенді араласушы адам. Бұл бағытта адамның жасы, жынысы, білімі немесе қаржылық жағдайы маңызды емес. Бастысы – таза ниетпен қолдан келетін іспен көмектесу. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтармен немесе жеке де айналысуға болады. Мұндай қызмет түрлерінің аясы өте кең. Мысалы әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық, қайырымдылық секілді көптеген түрі бар.

Жалпы Еріктілер студенттерді бос уақытында жақсылық жасап қана қоймай әр түрлі концерттерде волонтер қызметін атқара алады.Және де кішігірім сбор ашып көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созады.Сонымен қатар басқа да университеттегі  еріктілермен байланысып әртүрлі іс шаралар,жарыстар,жобалар ұйымдастырады.Бір сөзбен айтқанда қоғамғада университеткеде алып келер пайдасы орасан зор!

Қазіргі таңда Әл Фараби атындағы ҚазҰУ да «Қазақстан Еріктілер Лигасы»Қоғамдық Қоры ұйымында  190 студент бар.

«Жастар Рухы» жастар қанаты «Аманат» партиясының идеяларымен бөліседі және қолдайды. Ұйымның мәлімделген миссиясы-ел дамуындағы жаңғырту серпілісін қамтамасыз ету мақсатында,  Ел Президенті саясатының платформасы негізінде, Қазақстан жастарын шоғырландыру. Мақсаты-жастарды жетелеуге қабілетті күшті және беделді саяси жастар ұйымын құру.

Құқықтық тәртіп сақтау жасағы ҚазҰУ студенттерінің бірігуінен тұратын, ҚазҰУ қалашығындағы тәртіп пен тыныштық жұмыстарымен айналысатын ұйым.

Құқықтық тәртіп сақтау жасағы студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, студенттердің құқығын қорғау мақсатында жұмыс жасайтын ерекше ұйым болып табылады. Студенттердің теріс қылықтардан аулақ болуын, студенттер үйінде тәртіп бұзушылықтың орын алмауын және пайдалануға тыйым салынған қауіпті заттардың болмауын қамтамасыз ету барысында Құқықтық тәртіп сақтау жасағы жұмыс жасайды.

«Көмек» – бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде құрылған халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына көмек көрсету мақсатындағы еріктілер жұмысының ұйымдастырылуымен айналысатын студенттер қауымы.

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студент жастарының әлеуметтік жауапкершілігін, бір-біріне көмектесуін және қолдауын дамыту.
  • Студент жастарға патриотизм, көшбасшылық қасиет, экологиялық, эстетикалық, этикалық және еңбек тәрбиесінің негізін ендіру.
  • Моральдық және физикалық көмек көрсету.
  •  Балалардың аурумен күресу деңгейін жоғарылату.
  • Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық (репетиторлық) көмек көрсету.

Бүгінде Болон үдерісі бойынша студенттік бюро – студенттердің академиялық мәселелері бойынша мүдделері мен қызығушылықтарын қорғау және қолдау көрсету мақсатында құрылған ұйым. БҮбСБ – бұл университет әкімшілігі және студенттер сұхбатының жаңа форматы. Біріншіден БҮбСБ шиеленісті оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық және түсіндірмелік жұмыстар жасайды.

Ұйымның міндеттері:

1. Оқу үрдісін басқаруға  студенттердің қатысуының белсенділігін арттыру:

– жоғары оқу орнында білім берудің сапасын арттыруға ұсыныстар мен ескертпелер енгізу саясатының ашықтығын енгізу;

– студенттердің өздерінің білім траекторияларын құруға толықтай қатысуын қамтамсыз ету.

2. Сапалы білім беру саясатын жүзеге асыру:

– емтихандардың дұрыс жолмен тапсырылуын қадағалау;

– білім алу сапасының мониторингін жасау.

3. Ішкі академиялық ұтқырылықты дамыту.

4. Шетел азаматтарын қолдау.

5. Студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын белсенді түрде арттыру.

Студенттердің ғылыми қоғамы – студенттерді ғылымға баулу, түрлі ғылыми жобаларға, конференцияларға, студент бизнес инкубаторларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға шақыру, студенттің өмірін ғылым саласы бойынша қызықты, жан-жақты етіп өткізетін ұйым. Әр студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін өзін-өзі дамыту үшін қандай да бір деңгейде ғылыммен айналысуы керек. Ғылым студенттің өз саласы бойынша ізденуіне, еңбектенуіне мүмкіндік береді және сол арқылы жақсы маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл ұйым сонымен қатар түрлі интеллектуалды ойындар, іс-шаралар, білімге бағытталған сайыстар өткізумен айналысады. Осы айтылғандар студенттің ой-өрісін дамытады, жан-жақты көзқарасын кеңейтеді, білсем екен деген құштарлыққа жақындатады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жоғары Студенттер  Кеңесі – ҚазҰУ-дың белсенді Жастарынан құралған, жарты ғасырлық  тарихы бар , ҚазҰУ-да ең алғаш құрылған ұйым. Жоғарғы Студенттер кеңесінің жастардың Патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар. Аталмыш Студенттер Кеңесі үшін жатақханадағы әрбір студент маңызды. Өйткені, Жоғарғы Студенттер Кеңесі студенттердің жатақханаға орналасуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік және басқа да құқықтарын қарастырып, олардың мүдделері мен мәселелерінің шешімдерін жатақхана төрағаларымен, студенттік кеңес мүшелерімен ақылдаса отырып табуға тырысады.

Ұйымның негізгі мақсаты мен міндеттері:

•Жатақханадағы тәртіп пен тазалықты қатаң қадағалау, күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізу •Студенттердің жатақханаға қатысты барлық мәселесін шешуге атсалысу

•Түрлі іс-шаралар мен байқау лар ұйымдастыру арқылы жатақхана өмірін жандандыру.

Мақсаты:

• ҚазҰУ-да бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын шетел студенттерінің бірлестігін қалыптастыру.

• Студенттер бір-бірімен тәжіриби, мәдени, академиялық және әлеуметтік байланыста болып, құндылықтарымен алмасулары керек.

Міндеттері:

• Елшілікті оқыту және шетелдік студенттерге бағыт беріп, түрлі іс-шараларға  қатыстыру;

• Позитивті көзқарасты сақтау;

•Шетелдік студенттерге қамқорлық таныту арқылы шетелдік студенттерге инклюзивті және қолайлы орта жасау;

• Шетелдік студенттермен белсенді араласу және бағдарлау, қолдау көрсету;

• Оқу жылы бойы шетелдік студенттер үшін көмек беріп, оларға көмектесу, мәдени құндылықтарын дамыта отыра, спорттық, мәдени іс-шаралар мен жобаларды жоспарлауға көмек беру;

• Түрлі тренингтерге және академиялық сабақтарға жыл бойына қатысу.

Relevant documents