Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жібек жолындағы ақылды қалалар» жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы

2019 жылғы 15 наурыз: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Мұхамбетқұл Мырзабайұлы Бүркітбаевтың төрағалығымен«Жібек жолындағы ақылды қалалар» жобасының ұйымдастыру жұмысы талқыланған жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Жұмыс тобының отырысына Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры – Рафис Фанисұлы Абазов, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері Виталий Г. Сальников; Алинов Мақсат Шарапатұлы; Базарбаева Тұрсынқұл Аманкелдіқызы қатысты.

Жұмыс тобының мәжілісінің төрағасы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор М. Бүркітбаев монография басшыларының атауын бекіту туралы, сондай-ақ, кітаптың жоспарын және жобасын бекіту туралы айтты. Күн тәртібінде авторларға шақыру қағазын жіберу және 10 сәуір айында дөңгелек үстел дайындау туралы сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ 2019 жылдың сәуір айында өтетін Әл-Фараби оқуларына және АЭФ-2019-ға дайындық секциясына қатысты сұрақтар қарастырылды.

Отырысқа қатысушылар «Жібек жолындағы ақылды қалалар» жобасының және Қазақстан мен Орталық Азиядағы ақылды және тұрақты қалалар мен қалашықтарды дамыту тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.

Жиналыстың қорытынды хаттамасына сәйкес 20 наурызда дөңгелек үстел өткізу және 2019 жылдың сәуір айының басында «Фараби оқулары» аясында сессия өткізу туралы шешім қабылданды.