JOB FAIR

ҚазҰУ-да 2 күнге созылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Биылғы жәрмеңкеге Республиканың әр аймағынан келген 30-дан аса жұмыс беруші кәсіпорындар мен ұйымдар, ірі компаниялар қатысты. Аталмыш шараның мақсаты – ҚазҰУ-дың бітіруші түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға себепші болу.

Жәрмеңке жұмыссыздықтың деңгейін төмендетіп, бітіруші түлектерге бір сәтте көптеген жұмыс берушілермен сөйлесіп, жаңа ірі компаниялармен танысуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында инженер-технолог, IT-маманы, мұғалім, дәрігер, биотехнолог, маркетолог және т.б. мамандықтарға сұраныс көп.

Аталмыш жәрмеңкеде Алматы қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту орталығынан бастап көптеген халықаралық және туристік компаниялар, медициналық орталықтар мен қаржы банктері болды. Атап айтар болсақ, «Grata international», «Takeda», «Atasu group», «Халықбанк», «АТВ Банк», ТОО «Медицинский Ассистанс», BCD «Travel International travel plus» т.б саланың жұмыс беруші ұйымдары бар.

Жыл сайын ҚазҰУ-да түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Бос орындар жәрмеңкесі жыл сайын өзінің тиімділігін аңғартып, болашақ түлектер үшін таптырмас мүмкіндік болып саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *