BAN KI-MOON INSTITUTE FOR SUSTAINABLE DEVELOPMENT PRESENTS A SCIENTIFIC PROJECT “SMART CITIES ON THE SILK ROAD”

2019 жылдың 3 желтоқсан күні Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты «Жібек жолындағы ақылды қалалар: тұрақты қалаларды дамытудағы халықаралық тәжірибе» тақырыбында ғылыми жобаның тұсаукесерін өткізді. Бұл жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО тұрақты даму жөніндегі кафедрасымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымының академиялық ықпал бағдарламасы және MDP / Global Classroom бағдарламасы (Колумбия университетінің Жер институтымен (АҚШ) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлескен бағдарлама) тұрақты дамудың Жаһандық Хабы аясында ұйымдастырылды.

Тұрақты дамып келе жатырған қалалар бойынша бір жылдық ауқымды зерттеулерден кейін жоба сәтті аяқталды. Бұл бірегей жұмысқа отандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстары кіреді. Мұнда статистикалық зерттеулер жүргізіліп, оның барысында болашақ тұрақты ақылды қалалар үшін ең жақсы ұсыныстар жасалды. Жоба нәтижелерінің бірінші томы орыс және ағылшын тілдерінде шығарылды.

Аталған шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың м.а. бірінші проректорі және Пан Ги Мун тұрақты даму институтының директоры міндетін атқарушы профессор М.М. Бүркітбаев іс-шараны құттықтау сөзімен ашып берді. Ғылыми монографияның басты мақсаты ТДМ 4: білім беру, ТДМ 11: тұрақты қалалар мен адам қоныстары, ТДМ 16: бейбітшілік пен тиімді институттар, ТДМ 17: орнықты даму үшін серіктестік салаларын талқылау және әрі қарай ен жайдыру. Сонымен қатар, монографияда тұрақты қалалар мен қалалардың құрылуы, орнықты даму үшін тиімді институттар мен серіктестіктердің қызметі туралы айтылғанын атап өткен жөн.

Атап айтқанда, бірінші бөлімде жаһандық тенденциялар мен урбанизация мен интеллектуалды және тұрақты қалалардың даму тенденциялары қарастырылады. Екінші бөлімде мысал ретінде нақты қалалар мен университет қалашықтарын пайдалана отырып, ақылды және тұрақты қалаларды дамытудағы үздік халықаралық тәжірибе бағаланады. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында және Орталық Азияда ақылды және тұрақты қалалар мен кампустарды дамыту тәжірибесі бағаланады.

Осы жобаның тұсаукесер рәсіміне Алматыдағы БҰҰ мен ЮНЕСКО өкілдері қатысты. Өз кезегінде шетелдік авторлар да осындай маңызды шараға қосылып, осындай терең ғылыми-зерттеу жұмысын жариялағаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Институттың Ғылыми кеңесінде осы жобаның жүзеге асырылу мерзімі, практикалық және аналитикалық зерттеулер мен елдің тұрақты қалалары туралы мәліметтерді талдауды одан әрі дамытудың қадамдары талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *