COOPERATION FOR SUSTAINABLE DEVELOPMENT GOALS

«Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында әлФараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті.

Тараптар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму бойынша жаһандық хабы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған шараға қатысуын талқылады.

Фабрицио Хохшильд БҰҰ-ның жаһандық даму мақсаты жолында қазақстандық ЖОО-да жүзеге асып жатқан халықаралық басталамар мен жобалардың мазмұндылығына тоқталып, Жаһандық хабты басқарып отырған ҚазҰУ жұмысына алғысын білдірді. Сондай-ақ ол әл-Фараби мерейтойына арналған шаралардың маңыздылығын айтып, адамзат өркениетінің тұрақты дамуында өзектілікке ие болатын ғұламаның ізгілікті идеяларын насихаттау қажеттілігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *